Login

Lost your password?
Don't have an account? Sign Up

Бөбекжай туралы

 

«Балалар Әлемі» бөбекжай балабақшасы  Шымкент қаласы, «Қорғасын -2» мөлтек ауданы, №50 үйде орналасқан.  Екі қабатты ғимаратта  жас ерекшеліктеріне қарай  жабдықталған  бөлмелер,  жасыл  алаңындағы әткеншектер, рольдік ойындарға арналған  жаппасы, сырғанақтар,  күнге қыздырынуға арналған  құм  бар. Біздің ұжымда өз ісіне шебер, арнаулы  білімі бар, шығармашылық тәрбиешілер, ұқыпты  тәрбиеші көмекшілері мен медбике және де дәмді ас даярлайтын аспазшы бар.

         Біздің басты мақсатымыз бөбектерімізді жан жақты дамыту.         Балабақшада балаларды өз бойындағы  адами қасиеттерді бағалауға , оқу-білімге деген құштарлығын ашуға, өз бетінше жұмыс атқаруға үйретеді. Білім беру барысында мына қағидалар арқылы жұмыс жасаймыз: әрбір тәрбиеленушіні адамгершілікке, ізгілікке, қарым-қатынас жасаудағы теңдікке, имандылыққа баулимыз.  Баланың әлеуметтік-эмоцияналдық денсаулығына баса назар аудару. Баланың өзін-өзі көрсетуіне, талабын ашуға психологиялық мәселелерінің дер кезінде шешімін табуға толықтай жағдай жасаймыз. Біздің бала бақшаға балаңызды сеніп тапсыруыңыз арқылы , Сіз өз бөбегіңізге  жанұя жылуын, белсенді-қызықты күн, жақсы көңіл-күй, пайдалы тағамдар сыйлайсыз.

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!