Login

Lost your password?
Don't have an account? Sign Up

Медициналық қызмет

ЖШС«Балалар Әлемі» бөбекжай балабақшасы

Мектепке дейінгі мекеме медбикесі  қызметінің ерекшеліктері

Мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу әрбір мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты. Аталған мақсатқа жетуде мектепке дейінгі мекемеде жүргізілетін медициналық жұмыстың, медбикенің алатын орны ерекше.

«Айнур» балабақшасы  2018 жылдың желтоқсан айында ашылып, медбике қызметіне орналастым. Осы аралықта бала-бақшамызға 1163 бала келіп, олардың алды мектептің 4-5 сыныптарында білім алып жатыр.  Балабақша 75 орынға есептелген.

Балабақша медбикесі ретінде мен санитарлық-гигиеналық режимді бақылауды жүзеге асырамын және де аурулардың алдын алу мен сауықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргіземін. Ауруына байланысты келмеген балалардың күнделікті есебін және сырқаттанғандарды оқшаулаймын. Дер кезінде ата-аналарға хабарлап, олардың дәрігерге барып қаралуына кеңес беремін. Жасы келген балаларды төмендегі күнтізбеге сәйкес профилактикалық егу жұмыстарын қадағалап, дәрігердің тағайындауларын орындаймын.

Балабақшаға жаңадан қабылданған балаларды №026\у нысанды медициналық құжаттама бойынша қабылдап, оларды жыл сайын медициналық қаралуын қадағалап, тиісті есепке алу, есеп беру құжаттамасын жүргіземін:

  • жұқпалы ауруларды есепке алу;
  • соматикалық сырқаттану;
  • асқынған жұқпалы аурулармен байланысты есепке алу;
  • карантинді есепке алу;
  • профилактикалық егулерді есепке алу;
  • кабинеттерді, топтарды кварцтау;
  • тоңазытқыш жабдықтары t-лық режимін есепке алу;
  • паразитарлық ауруларды қоздырғыштарды тіркеу;
  • гельментке тіркеу;
  • педикулезге, қышымаға және дерматитке тіркеу;
  • тереңдетілген профилактикалық медициналық тексерулер;
  • балаларды диспансерлік есепке алу;
  • ауыз қуысы санациясы;
  • профилактикалық егулермен қамту;
  • диспансерлік бақылау;
  • «Перспективалы мәзір» папкасы;
  • дайын өнімді сараптау журналы;
  • «С» дәрумендеу журналы;
  • ас бологы қызметкерлерінің тексеру журналы;
  • ас блогына келіп түсетін тез бұзылатын азық-түліктердің сапасын бақылау;
  • килокаллорияларды есептеу журналы;
  • балалардың күнделікті келуін есепке алу журналы;
  • балалардың денсаулық төлқұжаты;
  • қызметкерлердің денсаулық төлқұжаты;
  • бұйрықтар мен нұсқаулар.

Сондай-ақ диетбике ретінде күнделікті мәзір, ас дайындау сапасын қадағалап, күн сайын дайын тағамның татымын байқаймын. Күнделікті СЭС талаптарына сәйкес тамақты 24 сағатқа сақтауға қоямын.

Топтардың тамақ алу кестесінің орындалуын қадағалап, күнделікті аралау жұмыстарын жүргіземін.

Балалардың дұрыс тамақтанып, өсіп жетілуі үшін ағзаға май, ақуыз, көмірсулар қажет.

Майда 1 малекулада 9 ккал.

Белокта 1 малекулада 4 ккал.

Көмірсуда 1 малекулада 4 ккал. бар.

Май-балалардың жақсы өсуіне әсері көп. Оның ішінде күрделі эфир, глицерин және де карбон  қышқылдары  бар. Көмірсу көбіне сары май, өсімдік майы, қаймақта, зәйтүн майы сияқты азық-түліктерде көптеп болады.

Ақуыз (углевод)-балалардың өсуіне ең жоғарғы азот қосылған биополимеры  тірі амиокислоттан құралған. Ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сүт  тағамдарында болады.

Көмірсу-балаларға күш қуат береді. Оның құрамында алдегиид  және  кетоспирттар болады. Қант, күріш, тары, қарақұмық, дәнді дақылдарда, көкөністер мен жемістерде  кездеседі.

Сондықтан да балаларға СЭС бойынша 10 күндік мәзір жасалынады.

Балалар -біздің болашағымыз. Олардың өсіп жетілуіне жан-жақты көңіл бөлінгені дұрыс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбиенің сәбиді отбасында тәрбиелеумен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Бөбекжай-балабақшалардың бөлмелері балаларға арналған арнайы жиһаздармен жабдықталған әрі кең де жарық. Олардың білікті қызметкерлері балалардың шеберлік қабілетін дамытатын, қоршаған орта туралы түсінік беретін сабақтар өткізеді. Ойыншықтарды, оқу құралдарын өздері іріктеп алады. Тәжірибелі тәрбиешілердің бақылауымен және басшылығымен балалардың өзара қарым-қатынасы өмір бойы ұмытылмайтын терең жолдастық сезімге ұласады, сәби бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасады. Сәбиге балалар мекемесін таңдаған кезде сән қуып, конькимен мәнерлеп сырғанауды немесе шетел тілін үйрететін балабақша іздеудің қажеті жоқ. Сіз үшін әрқашан да үйіңізге жақын орналасқан бөбекжай-балабақшадан ең қолайлысы да, артығы да жоқ. Балалар мекемесіне орналасар алдында сәби емханада тексерілуден өтеді: диспансеризациядан өтеді, қанына, зәріне, нәжісіне сараптама жасайды. Ал балаңыздың педиатры сәбиге карта толтырады, ол пәтерінде жұқпалы сырқат жоқ па деп эпидемиолог берген анықтамамен бірге балалар мекемесіне тапсырылады. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің дәрігері де баланы толықтай қарап шығады. Сөйтіп сәбидің балабақшаға бірінші рет келетін күнін белгілейді. Баланы бөбекжай-балабақшаға әкелмей тұрып, алдымен тәрбиешімен танысып алыңыз, күн тәртібінің ерекшелігін біліңіз, оған ұлыңыз немесе қызыңыз жайында айтып беріңіз, үйіңіздің мекен-жайы мен телефоныңыздың нөмірін қалдырып кетіңіз. Келесі жолы сәбиді өзіңізбен ертіп келіңіз, сөйтіп ол өзі болатын топтың бөлмесін көрсін, балалармен таныссын. Бірінші күні балаңызды әлі үйренбеген, оған тосын әрі жаңа ортаға күні бойы қалдырмай түстен кейін алып кетіңіз. Бала ұжымға бірте-бірте үйренуі тиіс. Бөбекжай-балабақшаға орналастырар алдында сәбиді алдын ала әзірлеу қажет. Ол үшін балаға өзі баратын топта жолдастары да, қызықты ойыншықтары да көп болатынын, тәрбиешісі оны жақсы көретінін айтып түсіндірген жөн. Кейбір балалардың бірден аралас-құралас болып кетуі өте қиын, жатырқағыш болады да өз қатарларынан тосырқайды. Ондай баланың жаңа ортамен танысуын жеңілдету керек. Мысалы, үйінен бір ойыншығын өзімен бірге ала келгені жөн. Сонда жаңа келген балаға жолдастарының назары тез ауады, сөйтіп олар бір-бірімен оңай тіл тауып, ойнап кетеді. Алғашқы кезде сәби ата-аналарынан қалып бара жатып жылауы, топқа барудан бас тартуы мүмкін. Өзіне таныс емес ортаға ата-анасы тастап кетіп бара жатқан бала жайын сіз түсінуіңіз қажет. Әрине, бөбегіңізді сіз де аяйсыз, көзіңізге жас та келуі мүмкін. Мұныңызды бала көріп қалса, сізге аяныш білдіріп, ол бұрынғысынан да қатты жылайды. Сондықтан мұндай сәтте сәбиге көңіл күйіңізді сездірмеуге тырысыңыз, қайта оны еркелетіп, жылы сөйлеңіз, жұбатыңыз. Балаңыз жолдастары мен ұстазына тез үйренеді. Сөйтіп, өз ықыласымен тобына жеткенше асығатын, тіпті үйге қайтқысы келмейтін болады. Баланы ыңғайлы әрі жеңіл киіндірген жөн: қыз балаға алдынан түймелейтін көйлек, ер балаға жейде мен қысқа шалбар кигізу керек. Бақшада ауыстырып киетін аяқ-киім ала келу қажет. Баланы алғашқы күннен бастап өз шкафына жылы киімдері мен аяқ-киімдерін ықтияттап іліп қоюға үйреткен жөн. Егер сәби өте жас болып, түбекке отыруға дағдыланбаса, балабақшаға онымен бірге артық іш киімдерді целлофан-пакетке мұқият орап ала келген жөн. Әдетте балалар үйдегіден гөрі тамақты ұжым арасында жақсы ішеді. Сондықтан бөбекжай-балабақшаға апарар алдында баланы тамақтандырмаңыз: таңертеңгілік асқа дейін жеген бір печенье немесе жалғыз алма сәбидің тәбетін бұзады, сөйтіп ол тамақ ішпей қояды. Балалар мекемелеріндегі тамақ та алуан түрлі. Соған қарамастан, сәбиіңізге қосымша жеміс, шырын немесе тәтті бергіңіз келсе, онда оларды кешкі тамақтан кейін ұсыныңыз. Ескерте кететін бір жайт: үйде ішетін кешкі тамақты балабақшаның мәзірімен үйлестіріп отырыңыз. Балаңызды бақшаға әкелген кезде қабылдап отырған медбикеге оның денсаулығы жайында айтуды, ал кешке қарай үйге алып қайтарда тәрбиешіден сәби бүгін өзін қалай ұстағанын, тамақты қалай ішкенін, қалай ұйықтағанын, не үйренгенін сұрап тұруды әдетке айналдырыңыз. Өз балаңыз тәрбиеленіп жүрген балалар мекемесінің қоғамдық өміріне белсене араласыңыз, медициналық қызметкерлермен тығыз байланыс жасап тұрыңыз. Егер балаңыз бүгін үйде қалып қойса, оның себебін медбикеге айтып түсіндіріңіз. Ал баланың температурасы көтеріліп, дәрігер шақыртуға тура келсе, онда сырқаттың түрін үш күннен кешіктірмей хабарлаңыз. Кейбір ата-аналар баласын балабақшаға тастап кетерде екі-үш сағаттан соң келіп алып кететіндерін айтып, уәде береді. Сәби осы уәдені ұмытып кетіп, әке-шешесімен мүлдем кездесе алмай қалудан қорқып, екі көзі төрт болып үнемі жолға қарап тосумен болады, ойынға араласпайды, көңілсіз күйге түседі. Үздіксіз тосу баланы дағдылы ырғақтан шығарады. Ол тамақ ішуден қалады, ұйқысы бұзылады. Ата-аналар балаларына кезектен тыс әрі күтпеген жерден келген кезде қоршаудың саңылауынан сәбилерге жеміс-жидек бере бастайды. Әрине, мұның зияннан басқа келтірер пайдасы жоқ. Ата-ананың баласына тек жақсылық істегісі келетіні әбден түсінікті. Бірақ жақсылықтың, сүйіспеншіліктің бұдан басқа, көкейге неғұрлым қонымды түрлері бар.

Біздің балабақшада үш топ орналасқан. Әр топтың өз көмекші тәрбиешілері бар. Топтардағы тазалық жұмыстары :

  1. Ылғалды жинау.
  2. Түбегейлі жинау. (генеральная уборка) болып бөлінеді.

Ылғалды жинау күнде жүргізіледі. Терезелер алды, жылыту құрылғылары, есіктер тұтқасымен, ойын бөлмесіндегі ойыншық шкафтары, тамақ үстелдері, орындықтары, едендер 2 мезгіл жуылады. Төсек кравоттары орнынан қозғалта отырып жуылады. Қабылдау бөлмесінде киім шкафтары үсті мен іші күнде сүртіледі. Асхана буфеттеріндегі шкафтар, жардағы кафельдер, унитаздар жуылады. Әжетхана тазалығы : кафельдер, унитаз, раковиналар дезинфекциялық ерітінді қоса отырып жуылады.

Ойыншықтарды тәрбиешілер бала қабылдамай тұрып және кешкісін бала тараған соң, 2 пайыздық сабынды содалы суда жуып, ағынды суда шаяды.

Түбегейлі жинау: әр айдың соңында бала жоқ уақытта тугел заттарды ортаға жиыстырып, дезинфекциялық ерітінді «ДеоХлор» ерітіндісін қоса жуылады.

Еден жуу тәртібі:

  1. Таза сумен жуып алады.
  2. Сабынды немесе ұнтақ пайдалана отырып жуылады.
  3. Дезинфекциялық ерітінді «ДеоХлор» пайдаланады.
  4. Құрғатып сүртіледі.

Топтардағы қоқыстар күнде уақытында шығарылып тұрады.

Көмекші тәрбиешілердің 3 ауысымда :

  1. Ішке
  2. Әжетханаға
  3. Сыртқа арналған арнайы киімдері бар.

ДеоХлор ерітіндісінің дайындалуы:

  1. Еден жууға 10 литр суға 1 таблетка 0,015 пайыз
  2. Ылғалды жинау әр топтарда ауыстырыла отырып, 10 литр суға 1 таблетка 0,015 пайыз
  3. Ыдыс аяқ жууға 15 литр суға 2 таблетка 0,03 пайыз