«Балалар Әлемі» балабақшасының Ата-аналарға арналған нұсқауы.
- Баланы балабақша сағ 8.00-да алып келу.
- Баланы топқа дейін әкеліп,тәрбиешінің қолына тапсыру.
- Балайден алып шығарда қауіпті заттардан (тиын,түйрелейін, кесетін,дәрі-дәрмек, қымбат заттар, ұсақ заттар, оттық) тексеру.
- Баланың мәдени – гигиеналық жағдайын бақылау, киімін уақытылы ауыстыру, тырнағын алу, шашын қысқарту.
- Баланы бақшаға таза етіп әкелу.
- Шаштарында битті болдырмау, тазалығын қадағалау.
- Баланы алуға бастауыш сыныптағы оқушыны жібермеу. (жіберген жағдайда ата-ана балабақша меңгерушісінің атына арыз жазып, қандай болмасын баланың өмірінің жауапкершілігін өз мойнына алады).
- Баланың аурып қалған жағдайын өз уақытында тәрбиешіге хабарлау.
- Баланы балабақшаға дене қызуымен, тері, іш ауруымен әкелмеу.
- Баланы ауырғаннан кейін дәрігердің анықтамасынсыз әкелмеу, 1күн қалсада, анықтама қағазы міндетті түрде болу керек.
- Баланы балақшаға алып келерде сағыз бен тез өзгеретін тағамды бермеу керек.
- Баланы балабақшаға алып келерде ойыншық, өмірге және денсаулыққа қауіпті заттар әкелмеу.
- Балаға үнемі балабақшадағы тәртіп, мінез-құлық ережесін ескерту.
- Баланы балабақшадан ата-ананың орнына алып кететін адамды алдын ала тәрбиешіге ескерту.
- Баланы сағ 18-30 дан қалдырмай үйге алып кету.
- Осы талаптар орындалмаса, балабақша бала өмірінің жауапкершілігін өз мойнына алмайды.