Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы
    • 10.11.2018, 15:14
    • 0
    • 16

    Бөріжал

    Ықылым заманда қазақ жерінде Орман батыр деген адам өмір сүріпті. Ол бейбіт күнде ауылдағы халықты аң аулап, егін егіп асырайды екен. Ал жаугершілік заманда қолына бес қаруын алып, елі мен жерін қорғайтын ержүрек батыр болыпты. Ол өте жомарт еді. Соғыста олжалаған дүние-мүлікті, орманнан аулаған аң-құсы етінің көбін ауылдағы кедей, баласы көп адамдарға таратып береді екен. Сөйтіп, ол үнемі елге көмектесіп, есімі алыс-жақын аймаққа таралыпты.

    • 10.11.2018, 10:58
    • 0
    • 14

    Шындық пен өтірік

    Жер бетінде адам аяғы баспаған бір ну орман болыпты. Әлгі орманда екі ауыл бар екен. Айнакөл деген ауылда Айқын деген бала тұрады екен. Ол тек қана шындықты айтыпты. Өйткені, оны ата-әжесі кішкентай кезінен адал, әдепті, тәртіпті болуға үйретіпті.

    • 10.11.2018, 10:25
    • 0
    • 17

    Бата қалай пайда болған?

    Ерте заманда қазақ даласында бір кедей отбасы өмір сүріпті. Кішіпейіл отағасы Тұяқбай байдың малын бақса, әйелі Көркеммінез сиырын сауып, күн көріпті. Бір күні әйелі босанып, көздері күндей күлімдеген, маңдайы айдай жарқыраған ұл туыпты.

    • 09.11.2018, 17:25
    • 0
    • 17

    Өгей балапан

    Ертеде орманда өмір сүретін жан-жануарлар кімнің үйі жылы, жайлы, әдемі әрі мықты екенін айтып, әбден дауласыпты.

    • 06.11.2018, 12:56
    • 0
    • 15

    Тәтті алма

    Бір күні бағбан өзіңе көмектескен үш баланың еңбегіне үш алма беріпті.

    • 03.11.2018, 0:00
    • 0
    • 18

    Қобыз бен домбыра

    Ертеде ағайынды екі шебер өмір сүріпті. Олар оң саусағынан өнер тамған жандар болыпты. Бірінің аты – Тапқыр, екіншісі – Алғыр екен. Екеуінің алтын қолдарынан шыққан өнер туындырына жұрттың бәрі қызығыпты. Тапқыр жасаған қобыздың мұңды әрі зарлы дауысы адамдарды терең ойға шомдырса, Алғырдың жасаған қос ішекті домбырасы елдің көңілін аулайды екен. Ол домбыраның пернелерін қаға түссе болды, небір әсем ән мен күй төгіліпті. Қобыздың сыйқырлы үні жабырқаулы жандардың жанын емдепті.

    • 29.10.2018, 12:58
    • 0
    • 16

    Он үшінші жұлдыз

    Ерте заманнан бері түнгі аспанда ай мен сансыз жұлдыздар мекен етіпті. Адамдар сол жұлдыздарға қарап ертеңгі ауа райын болжайды екен. Кейін адамдар ақылы мен білімінің көмегімен аспанды зерттей бастапты

    • 21.09.2018, 12:15
    • 0
    • 16

    Балықтар кімдерге жақсылық тілейді?

    Ерте, ерте, ертеде, қазір біз өмір сүріп жатқан жер атты ғаламшар пайда болыпты. Көктегі жаратушы жердің үстіне тау-тасты, өзен-көлдерді, құрлықтар мен мұхиттарды жаратыпты. Кейін жер үстінде адамдар мен аң-құстар, балықтар өмір сүріпті. Жер мен көктегі барлық нәрселерді Жаратушы жан-жануарларға адамға қызмет жасаңдар деп бұйырыпты.

    • 04.04.2018, 15:56
    • 0
    • 19

    Жеті атасын білетін жылқы

    Жер жаралғалы желмен жарысқан жүйрік жылқылар мекендепті. Осыдан жеті мың жыл бұрын қазақтың арғы ата-бабалары жабайы жылқыны қолға үйретіпті. Сөйтіп, жер бетінде жылқының үстіне ең алғашқы болып қазақтар отырған екен. Олар ауыздық, өмілдірік, жүген, ертоқым, үзеңгі секілді ат әбзелдерін жасапты. Қазір біз киіп жүрген шалбарды да ең алғаш ойлап тапқан қазақтың ата-бабалары болыпты. Өйткені, ұзын шалбар кимесе, атқа отырғанда аяғына қажайды екен. Қазақтар өте текті, жауынгер халық болыпты. Сол себепті жылқылар біздің ата-бабаларымызға қызмет көрсеткенді жақсы көріпті.

    • 07.02.2018, 14:18
    • 0
    • 16

    Сандуғаш пен Қарға

    Кішкентай Сандуғаш жеміс-жидек іздеп жүріп, жеміс мол бір ағашқа кезігіпті. Қарны қатты ашып кеткені соншалық, жан-жағына қарамай, тәтті жидектерді жей беріпті. Сол кезде бір дәу қара Қарға оны желкесінен бүріп ұстап алыпты.