Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы

Миға пайдалы тоғыз түрлі жаттығу үлгісі!

  • 02.02.2018, 14:18
  • 0
  • 43

1936 жылы американдық жазушы Дороти Бранд «Wake up and live (Оян да өмір сүр)»  атты кітабында ми қабатынаның дұрыс әрекет етуіне септігін тигізетін бірнеше жаттығу жұмыстарын  атап өткен болатын.


«Бұл жаттығу қозғалыстары  – адам өмірінде қалыптасып қалған түсініксіз ауырпалықты, және қажетсіз сезімдерді жеңілдетеді» деп сендіреді автор. Жалпы миға пайдалы бірнеше автордың, психологтардың жұмыстары бар екендігі белгілі. Сол авторлардың ішінде американдық жазушының берген кеңесі ең көп пайдаланылады деседі. Егер, сіз бұл кеңестерге құлақ асып, өмірде жиі әдетке айналдыратын болсаңыз, тәулігіне аз ғана уақытыңызды алады. Есесіне, пайдасы шашетектен. Егер қажет деп тапсаңыз, миға жаттығу жасау үлгісі төмендегідей:

1 сағат бойы мейлінше ешқандай эмоционалды әрекеттерге берілмей, сіздің тарапыңызға жасалынған сауалдарға ғана қысқаша жауап қатып, көп сөйлемей  өз  ортаңызда қарапайымдылықты сақтап үйреніңіз.

30 минут бойы тек бір затты ғана ойлап, басқа ешбір дүниелерге алаңдамай бар назарыңызды сол объектіге салыңыз. Алғашында 5 минуттан бастаған жөн.

Өзге адамдармен «Мен», «маған», «менікі» атаулы сөздерін қолданбай 15 минут бойы әңгіме өрбітіңіз.

Іші адамға толы кез-келген ғимарат табалдырығына тоқтай қалып бірер уақыт есіктің өлшемін анықтаңыз. Сол жайында ойлаңыз.

Бірнеше уақыт сұхбаттасып жатқан серігіңіздің тек өзі жайында ғана әңгімелей беруін қадағалаңыз және оны өзіне білдіртпеңіз. Содан кейін ғана сыпайы қойылған сұрақтарыңызбен ортақ тақырыпқа көңілін бұрыңыз.

Мақтанбай,арызданбай және жаныңыздағы кісіні жалықтырып алмай тек өзіңіз жайында ұзақ уақыт сөз қозғап көріңіз.

Күніне 2 сағатты қатаң тәртіпке құрылған жоспар түзіңіз және оны орындаудан жаңылмаңыз.

Өз жоспарыңызға адам түйсігіне кіріп шықпайтын 12 істі енгізіңіз. Мәлесен, үй жанынан аулақ жерде таңдап 20 км жерді жаяу жүріңіз; 12 сағат бойы тамақтанбауды әдетке айналдырыңыз; таңғы асыңызды ең ыңғайсыз әрі бұрын соңды тамақтанып көрмеген орында ішіңіз; бір тәулік бойы үнсіз жүріп үйреніңіз; түні бойы көз ілмей жұмыс істеуге ниеттеніңіз.      

Бір күн бойы барлық сауалдарға немесе өтініштерге «иә» деп жауап қатыңыз. (Өз шеңберімен әрине)

Жоғарыда аталған жаттығу жұмыстары күлкілі әрі қызықты көрінуі мүмкін. Дегенмен, адам миының дұрыс жұмыс жасап, қажетсіз негатиті сезімдерден арылуына өз әсерін қосады.

 Сағым Матқали

0 комментария

Оставить комментарий:

Танымал