Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы

Тәтті алма

  • 06.11.2018, 12:56
  • 0
  • 15

 

 

(ертегі)

   Бір күні бағбан өзіңе көмектескен үш баланың еңбегіне үш алма беріпті. Олар сондай қуанышты еді.

Қанат есімді бала қып-қызыл алманы сипап:

- Бұл алманы мен өзім ғана жеп, бір тойып алайын, - деп ойлайды. Бірақ ол алманың өзі жақсы көретін балаға бермей, жеп қойыпты.

 Жанат есімді бала болса «Егер кім менімен өзінің асымен бөліссе, саған беремін» дейді. Бірақ оған ешкім келіп өзінің жемісін бөліспеген соң алманы өз жеп қойыпты.

  Болат болса, алманы төртке бөліп, бірінші бөлігін бауырына, екінші бөлігін қарындасына, үшінші бөлігін көрші бала беріп, төртінші бөлігін өзі жепті.

   Төртеуі мәз болып ойнап жүргенде Қанат пен Жанат таң қалды.

 - Мәссаған! Мынандай тәтті алма жеп көрмеппін, - дейді көршінің баласы.

- Иә, алма өте дәмді болды, - дейді қарындасы.

- Хош иісің айтсаңшы, - дейді бауыры.

- Алма маған да ұнады, - деді Болат.

  Қанат пен Жанат «Бағбан бәрімізге бір-бір алма беріп еді ғой» деп ойлайды. Олар Болаттан:

- Сендердің алмаларың қалайша тәп-тәтті болады? Бағбан бізге бір талдан алып берді ғой. Сенің бауырың мен қарындасыңа, көршіңе алма берген бе? деп сұрайды.  Сонда Болат:

- Жоқ, біз бір алманы бөліп жедік. Бөліп жеген алма берекелі әрі тәтті болады, - деп жауап беріпті.

Асхат Өмірбаев       

0 комментария

Оставить комментарий:

Танымал