Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы

Лақтыру және қағып алу жаттығулары

  • 01.01.1970, 6:00
  • 0
  • 42

 

Доппен арнайы жаттығулар.
Доп беру әдістері:
1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру
- Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;
- Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;
- Допты екі қолмен кеудеден беру.

2. Допты екі қолмен төменнен беру
Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.

3. Допты бір қолмен беру
Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.

4. Допты ұстау
- Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру;
- Допты ұстау кезінде орнықты тепе - теңдікті сақтаған қалыпта және кез - келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек;
- Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.

5. Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны.
Баскетбол ойыны 5*5

Сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіретін саптағы ойындар. 27 - 30 мин
Допты бір орында тұрып ұстап беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.

Шеңбер немесе екі қатарда әр оқушыға кезекпен доп лақтыру.

Білезікті бос ұста, допты шеңгелдей ұстаған саусақтар оның ұшу бағытын және жылдамдығын өзгертуге көмек береді.
Кеуде аздап алға қарай еңкейген күйде болады.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары

 Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап  алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі  аяқты  алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

0 комментария

Оставить комментарий:

Танымал