Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы
    • 10.11.2018, 10:25
    • 0
    • 50

    Орамал дауы опық жегізбесін

    Жақында Түркістан облысындағы мектептердің бірінде болған жағдайдың соңы біраз шуға ұласты. Негізгі себеп – 1 қыркүйек күні мектепке оқушы қыздардың орамал тағып келуі, яғни мектеп формасының бұзылуы. Бұл жайт соңғы жылдары еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

    • 10.11.2018, 10:21
    • 0
    • 38

    Ислам мен үрей

    «Қаныңа сіңген қасиетіңнен жеріп, не опа таппақсың, қалыбыңнан асып қандай кейіпке енбексің, қазағыңнан жарылып қай ұлттың сұлтаны болуды мұрат еттің?». Осындай көкейкесті сауалдар санаға тұрақтағалы да сан тараулы жолды бастан өткеріп үлгердік. Керуенің көшті. Уақыт ұршығы шыр айналды. Сол ұлы уақыт жазар деген қоғамдық сырқаттан сақаяр нышан байқалмайды. Иіріміне тартқан қанды теңіздей қандастарымызды жасы мен жасамысына дейін ағымына тартқан жат пиғылдылар, ашығын айтсақ, өздерін сәләфиттерміз дейтін уахабистер қасиетті дінімізді күйелештеп бітті. Соның салдарынан «дінім – діңгегім» деп білетін елдің кейбір көзі ашық адамдарына дейін мұнаралы мешітке ақ пейілмен, адал ниетпен бас қойған жанға үрке қарайтын деңгейге жетті. Бұл не күй?

    • 05.11.2018, 12:11
    • 0
    • 53

    Ағаштан түйін түйген

    Талдықорғандық кәсіпкер Абзал Бегімбетов «Business Connect» жобасының кезекті кейіпкері атанды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан жоба жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға, тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуға бағытталған. Жоба аясында студенттер мен жастардың және жаңа кәсіп бастаушылардың табысты кәсіпкерлермен кездесулері ұйымдастырылады.

    • 05.11.2018, 7:25
    • 0
    • 35

    Ұшқыштардың біз білмейтін қырлары

    Ұшқыш – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Күн-түн демей көк жүзінде темір қыранмен қалықтап, қаншама адамның тағдырына жауапты болу оңай шаруа емес екені анық. Осыған орай мың шақырым жерлерге күн жарымда барғызған ұшқыштардың ел білмейтін қырын және негізгі айтыла бермейтін құпиялы сырларын ашып көрсету мақсатында қызу еңбек етіп жүрген қызметкерлермен жолығып, жұмыстың жай-жапсарын білген едік. Олай болса маманның сөзіне құлақ ассақ.