Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы

Жақсы сөз - жарым ырыс

  • Жақсы сөз - жарым ырыс

  • 1 қатысушы
  • Создано 04.11.2018, 15:38
  • 0
  • Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Жақсы ой болмаса жақсы сөз қайдан шықсын? Қазақ не нәрсе болса да ырымдап жақсылыққа жорып, болашаққа үлкен үміт артқан. Онысы құр талпыныс болмай, түбінде игі істер мен жақсы жаңалықтарға алып келген.

  • Жақсы сөйлей біл!

    Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Жақсы ой болмаса жақсы сөз қайдан шықсын? Қазақ не нәрсе болса да ырымдап жақсылыққа жорып, болашаққа үлкен үміт артқан. Онысы құр талпыныс болмай, түбінде игі істер мен жақсы жаңалықтарға алып келген. Десек те адам жанының тек тәуір ойдан тұрмайтыны анық. Жаман ойлап, кері топшылап, күмән келтіргіштер де көптеп кездеседі. Қазіргі өркениетті ортамызда жақсылықтан гөрі жаманшылық басым болып барады. Сондықтан болар, адамның бір-біріне деген сенімі аз, қаупі басым. Осының бәрі ойлау жүйесіне байланысты. Ойдың күші жойқын. Бізді шыңға жетелеп, құрдымға да құлататын сол.