Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы

Кедейдің байлығы

  • 10.11.2018, 11:27
  • 0
  • 51
  • 0


Бір адам өзінің кедейлігіне налып, жоқшылықтан әбден жүдеп-жадағанын айтып, қамығыпты. Сонда бір парасат иесі оған:

–       Сенің көзіңнің көр болмай, сау болғаны жақсы ма, жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма? – депті. Ол:

–       Әрине, көзімнің сау болғаны жақсы, көздің көр болып, қолда ақша болғаннан не пайда?! – депті. Әлгі кісі:

–       Сенің екі қол, екі аяғың кесілген болып, екі жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма? – депті. Ол:

–       Жоқ, – депті. Әлгі кісі:

–        Сен жынды болып, көп ақшаңның болғаны жақсы ма? – дейді. Ол:

–       Жоқ, – дейді. Сонда әлгі парасатты кісі:

–       Жаратқан Иең ақшадан артық денсаулық берген екен, соған шүкір демейсің бе? – деген екен.

0 комментария

Оставить комментарий: