Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы

Түлкі неге өкінді?

  • 08.11.2018, 8:53
  • 0
  • 33
  • 0

 

(ертегі)

    Түлкі аң-құс біткенді алдап, әбден көңілін қалдырыпты. Бірде түлкі тұзаққа түсіп қалдым деп, жанынан өтіп бара жатқан аюды көмекке шақырады. Аю қорбаңдап, ентіге алып-ұшып келсе, түлкі орнында жоқ. Түлкі жотаның үстіне шығып:

- Алдандың аю, алдандың! – деп мазақтапты. «Қап бәлем, сені ме, әлі қолыма түсерсің» деп аю санын бір соғып, жөніне кетіпті.

 Тағы бірде түлкі құланды көріп:

- Құлан, анау таудың етегіндегі бұталарды көрдің бе? Соның арасында тәтті жемістер  өсіп тұр. Кел, екеуіміз жарысайық. Кім бірінші болып бұталарға жетсе, сол жемістерін жейтін болады, - деп айтады. Бұл ұсыныс құланға ұнап кетеді. Екеуі жүгіре жөнеледі. Бір уақытта түлкі көп жүгірмей, тоқтап қалады. Құлан болса артына қараймай, жүгіре жөнеледі. Құлан бұталарға келсе, ешқандай жеміс жоқ екен. Түлкі де жолдан көрінбепті. Өзі әбден шапшап қалыпты. Сонда ғана ол өзінің алданғанын бірақ біліпті. «Түлкі, қап, бәлем, сені ме?» деп кіжініпті құлан.

   Бір күні түлкі өзен жағалап келе жатып, аяғы тайып, суға құлап түседі. Суға батып бара жатқан түлкі жанұшыра айғайға басады.

-  Құтқарыңдар! Суға батып барамын,  - дейді түлкі. Бірақ аңдардың ешқайсысы түлкінің айғайына мән бермепті. Өйткені, түлкі аңдардың барлығын алдап, мазақтап кеткен еді.  Олар түлкі бізді тағы алдап тұр деп ойлапты. Содан не керек, түлкі қатты ағыспен бірге аға беріпті. Сарқырамаға келгенде түлкі биіктіктен қатты қорқып, шыңғырып жіберіпті. Биік құздан құлаған түлкі судан әрең дегенде жағаға шығыпты.  Ол бұрын өзі өтірік айтқаны үшін аңдардың оған сенбей, көмектеспегеніне қатты өкініпті. «Өтіріктің құйрығы біра-ақ тұтам» деген мақал осыдан қалған екен.

Асхат Өмірбаев.     

 

0 комментария

Оставить комментарий:

Танымал

  • 18.11.2018, 10:25

    БӨЛЕГЕН АТА

    – Жол қысқарсын, әңгіме айтшы, – деді жолдасым. – Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба? – дедім. – Көргеніңді айт, – деді. Сонсоң аз ойланып отырдым да өз басымнан кешкен мына бір оқиғаны әңгімелеп бердім.

    • 0
    • 18
    • 0
  • 18.11.2018, 10:28

    ЖІГІТТІҢ ПАДИШАСЫ - ӘМІР ТЕМІР

    Үй іші. Отағасы домбыраға қосылып «Майдақоңырды» айтып отырады: Жігіттің падишасы – Әмір Темір, Бозбала, әнге салсаң қайғың кемір. Кешегі бес болыстың сиязында Шырқаған Ақан сері Майдақоңыр…

    • 0
    • 18
    • 0
Все популярные