Республикалық балалар
шығармашылығын қолдау орталығы
    • 01.09.2017, 0:00
    • 0
    • 21
    • 0

    Гүл мен ай

    Гүл мен Ай екеуі дос. Олар қайда барса бірге жүреді, бірге ойнайды, бір мектепке барады. Бір партада отырады, бірге әңгімелеседі. Әсіресе екеуі бірге кітап оқығанды ұнатады. Оқыған кітаптарының оқиғасын бір-біріне айтып бергенді ерекше жақсы көреді. Үнемі Мәрияш тәтенің кітапханасына барып, кітап алып оқиды.

    • 16.08.2017, 0:00
    • 0
    • 21
    • 0

    Жақсы бала

    Әкем «Көкпектідегі ауылға барамыз» дегелі бері қуанышым қойныма сыймай жүрген. Өткен күндерді санап әуре болғам. Бүгінсенбі. Ерте тұрып, таңғы асымызды ішіп, әкемнің көлігімен ауыл қайдасың деп жөнеп бердік.

    • 04.08.2017, 0:00
    • 0
    • 21
    • 0

    Батыр қыз

    – Қызыңа ақылыңды неге айтпайсың? Каратэ дей ме, таэквандо дей ме, қыз балаға лайықты емес спорттың түрімен айналысып жүр. Бөлмесіне кіріп алып жаттығады да жатады. Менің айтқаныма көнбейді. – Баланың бетінен қақпа. Ол да спорттың бір түрі. Үйрене берсін,– деді көкесі.

    • 28.07.2017, 0:00
    • 0
    • 21
    • 0

    Бәйгеторы

    Қанаттың қуанышында шек жоқ. Ертең атасы екеуі мал базарына бармақ. Атасының айтуынша, Қанатқа ат сатып әпереді.

    • 15.07.2017, 0:00
    • 0
    • 15
    • 0

    Айлакер қораз

    Қораз қанатын жайып қағып-қағып жіберді. Содан тоқыма шарбаққа ұшып шықты. Сосын бар дауысымен ку-ка-ре-куу деп өзінің әніне салады.

    • 01.07.2017, 0:00
    • 0
    • 13
    • 0

    Ат мінген аю

    Қарагер ат күнi бойы ойға шауып, қырға шауып, әлгiнде ғана ауыздықтан аузы, Бекбергеннен белi босап, аяңдап жайылуға шыққан бетi едi. Әлi арқасынан буы бұрқырап тұр. «Керек болып қалсам тағы бiреу мiне сап шабар, ауылдан аулағырақ барып жайылайын» деп ойлады бiлем, ауыл артындағы тоғайға тартты.

    • 13.06.2017, 0:00
    • 0
    • 19
    • 0

    Әжем айтқан ертегі

    Бір күні мен әжемнен ертегі айтып беруін өтіндім.

    • 09.06.2017, 0:00
    • 0
    • 19
    • 0

    Боран батыр

    Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызылда, құйрық жүні ұзында Боран атты батыр болыпты. Ол өзінің адал еңбегімен ерте тұрып, кеш жатып, таудан азығын тауып, отын әкеліп күнелтеді екен. Күндердің бір күнінде әдеттегідей тауға шығып отын алуға кірісіпті. Құлап жатқан бір үлкен ағашты бөліп-бөліп, арқанмен байлап, арқасына салыпты. Жолда келе жатқанда арқасын бір нәрсе бүлкілдеткендей болыпты. Отынын жерге қойып қараса, отынның арасынан бір кішкентай бала шығып Боранға сәлем береді.

    • 24.05.2017, 16:45
    • 0
    • 16
    • 0

    Сынақ

    Кеше Айшаның балабақшамен қоштасу кеші болды. Әкесі оған велосипед және лотерея билетін сыйлады. Айша оған өз атын жазып қойды.

    • 12.05.2017, 15:32
    • 0
    • 15
    • 0

    Қиянат

    Жаздың жайдары күндері­нің бірі. Аспан айналып жерге түскендей ыстық. Самауырға шоқ салып, бақ ішіндегі төсекке келіп жайғастым. Әнін нақышына келтіре сайраған бұлбұл айналаны өзіне баурап алған. Тыңдап отырып қалың ой құшағына еніп кетіппін, кенет сарт еткен дыбыстан селк етіп басымды көтердім. Сол аралықта бұлбұл тына қалыпты. «Бұған не болды?» деп ойладым іле. Сол мезет көрші үйдің баласы Жанат біздің қашаға асылып, бері кірмек болып тұр екен. Қолында резеңкеден жасал­ған тас атқышы бар.